Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буштың Ирақ соғысына байланысты саясаты сынға ұшырауда


Вашингтон. АҚШ Конгресіндегі Демократтар жетекшілерінің бірі Джон Мурта Америка әскерлерінің Ирақтан жылдам шығарылуын талап етуде. Демократ сенатор бұл турасындағы мәлімдемесін бейсенбі күні баспасөз мәслихатында жасаған:

- Дәл қазір тікелей өзгеріс жасайтын уақыт келді. Біздің әскерлерміз жапа шегуде. Біздің еліміздің болашағына қауіп төніп тұр. Мұның өзі АҚШ әскерлерінің Ирақтағы қимылдарын жалғастыра беруі - Америка халқының мүддесіне және Ирақ халқының мүдесіне жатпайтындығын дәлелдейді.

Бұған берген жауабында Ақ үй Муртаның мұндай талаптары өздерін қайран қалдырғанын айтқан. Вьетнам соғысының ардагері әу баста Ирақ соғысын жақтап дауыс берген болатын-ды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG