Accessibility links

Иран мәселесін БҰҰ-на шығару ұсынысы талқыланбақ


Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран өкілдері ядролық қару жасау нұсқауын қара базардан сатып алғанын мойындап, бұл құжатты осы мекемеге тапсырғанын жариялады. Бірақ Иран халықаралық инспекторларды құпия зауыттарын тексеруге әлі кіргізбей отыр делінді. Халықаралық Атом энергетика агенттігінің алқасы келесі аптада кездесіп, Иран ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару ұсынысын талқыламақ. Иран болса "Нью-Йорк таймс" газетінде жарнама жариялап, АҚШ пен оның одақтастары Иран ядролық бағдарламасы мәселесін қоздырып жатыр, жоқ жерден шатақ шығарып жүр деп мәлімдеді. АҚШ сыртқы істер министрлігі мұндай қымбат жарнама шығартқаннан көрі, Еуропа Одағымен қайта басталайын деген келіссөздерді тиісті өткізген жөн, Халықаралық Атом энергетика агенттігімен Иранның қол ұстасып жұмыс істегені жөн деп жауап қайтарды.
XS
SM
MD
LG