Accessibility links

Пәкістанда донорлық конференция ашылды


Пәкістанда қазан айындағы жерсілкінісі құрбандарына көмектесу жайында донорлық конференция ашылды. Ел астанасы Исламабадтағы конференциядан соң бес миллиард екі жүз миллион доллар жиналмақ. БҰҰ бастап отырған конференцияға елу елдің өкілдері қатысып отыр. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан апат айпағын қайта қалпына келтіруде қайырымды болуға шақырды. Кашмирдың Пәкістан басқаруындағы бөлігінде жерсілкінісінен 73 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG