Accessibility links

Ирақ астанасында бүгін көлік бомбасының жарылуынан кемінде 11 адам құрбан болып, 15 кісі түрлі жарақат алған


Бағдад. Полицияның айтуынша, жарылыс Бағдадтың солтүстік шығысындағы Диала көпір аймағында базар маңайында болған. Ал бұдан бір күн бұрын Ирақтағы екі бірдей шииттер мешітінде жанкештілік шабуылдар жасалып, онда 74 адам құрбан болып, жұма намазына жиналған көптеген адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG