Accessibility links

Шабуылдардан кемінде 48 Ирақ азаматы қаза тапты


Ирақта бомба жарылыстарынан кеше бес америкалық сарбаз қаза тапты, бес америкалық сарбаз жарақат алды. Оқиға Бейджи қаласының маңында орын алды. Бомбалық шабуылдардан елде кеше кемінде 48 Ирақ азаматы қаза тапты. Олардың 35 Абу Сайыда қаласында жерлеу рәсімінде атқарылған шабуылдан өлді. Мұнда тағы 40 адам жарақат алды. Бағдад базарында мәшинеге қойылған бомба жарылып, кемінде 13 адам қаза тапты, 21 адам жараланды. АҚШ президенті Джордж Буш Оңтүстік Кореяда сөйлеген сөзінде Ирақтан әскер шығару жайында ешқандай жоспарымыз жоқ деді. Египет астанасы Қаирде кеше Ирақ саяси және ұлттық топтарын келісімге шақыру жайында конференция басталды. Үш күнге созылатын конференцияны "Араб лигасы" өткізіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG