Accessibility links

Молдова Ресей бітімгершілік әскеріне наразы


Молдова кеден қызметінің бастығы Николае Валцу парламентте сөйлеген сөзінде елде қызмет ететін Ресей бітімгершілік әскері контрабанда тасымалдауына жайбырақат жағдай жасап қойды деп мәлімдеді. Ресей әскері Молдовадан іс жүзінде бөлінген Приднестровье аймығының Украина шекарасын күзетеді. Приднестровье аймығы Молдовадан 1990 жылы бөлініп шықты, екі тарап арасында 1992 жылы соғыс болған. Ресей Приднестровье аймығына сол кезде әскер кіргізіп, шамамен мың жарым сарбазын 2003 жылдағы соңғы мерзімге қарамастан шығармай отыр. Молдова мен Украина шекарасындағы жағдайды бірінші желтоқсаннан бастап Еуропа Одағының өкілдері бақыламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG