Accessibility links

Путин бүгін Жапония сапарын бастап жатыр


Ресей президенті Владимир Путин бүгін Токио қаласына келіп, екі күндік Жапония сапарын бастамақ. Жапония бас министрі Жюнихиро Койзуми келіссөздер шынайы және конструктивті жағдайда өтсе деп тілек білдірді. Ел басшылары Ресей мен Жапония арасындағы төрт дауылы арал жайында да сөйлеспек. Совет әскері бұл аралдарды Екінші дүниежүзілік соғыс соңында басып алған. Арал даулары Ресей мен Жапония арасында Екінші дүниежүзілік соғыс заманындағы текетірестеріне нүкте қоятын формалды түрдегі бейбіт келісімді жасатпай отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG