Accessibility links

Мысырдағы парламент сайлауында президент партиясы жеңіске жетті


ҚАЙЫР. Кеше Мысырда парламент сайлауының екінші сатысы өтіп жатқан кезде қақтығыс болды. Кемінде бір адам құрбан болып, қаншама кісі жараланды. Ресми түрде тыйым салынған “Мұсылман бауырластығы” тобы полицияның 400-ге жуық үзеңгілесін қамауға алғанын мәлімдеді. Сайлаудың бірінші сатысында президент Хосни Мүбәрәктің Демократиялық партиясы парламенттегі басым орынға ие болды. Алайда” Мұсылман бауырластығы” тобы да айтарлықтай дауыс жинады. Сайлаудың соңғы үшінші сатысы 1-інші желтоқсанда өтуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG