Accessibility links

Босниядағы ұлтаралық соғысты тоқтатып Босния-Герцоговина мемлекетін құруға ұйытқы болған “Дэйтон келісіміне” – 10 жыл


САРАЕВО (Босния-Герцоговина). Бүгін Босния мұсылмандары мен сербтердің және хорваттардың арасындағы 1992-1995 жылғы соғысты тоқтатып, қазіргі бірлескен Босния-Герцоговина мемлекетін құруға ұйытқы болған “Дэйтон келісімінің” 10 жылдығына арналған бірқатар шара өтеді. Брюссельде сыртқы істер министрлері Боснияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша екі жақты келіссөзді бастау туралы шешімнің 1 жылдығын атап өтеді. Боснияның 3 президенті Вашингтонның дәнекер болуымен 1995 жылдың 21-інші қарашасында Дэйтондағы әскери әуе базасында қол жеткен үш жақты келісімді атап өту үшін Вашингтонға барады. Бүгін Боснияда ешқандай ресми шара болмайды, барлық салтанат бейбіт “Дэйтон келісіміне” Парижде ресми қол қойылған 14-інші желтоқсан күні өтеді. Вашингтонда АҚШ пен Босния өкілдері конституцияға Боснияның орталық билігі мен парламентінің құзырларын кеңейтетін өзгерістер енгізу мүмкіндігін талқылады. Бұл өзгерістер Боснияның НАТО мен Еуроодаққа қабылдануы үшін маңызды. Боснияда 3 жылға созылған ұлтаралық соғыста 200 мыңдай халық қырылып, 2 млн.-дай халық босып кетті.
XS
SM
MD
LG