Accessibility links

Кеше Ирақта 2 АҚШ және 1 британ жауынгері қаза тапты


БАҒДАД. Ақ үйдің ресми өкілі Т.Даффи Ирақтың Мосул қаласындағы шайқаста қаза болғандардың арасынан “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы лидері Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің бар-жоқтығы тексеріліп жатыр деп хабарлады. Бірақ, Т.Даффидің ескертуінше, өлгендердің ішінен Әз-Зарқауидің табылуы екіталай. Сенбі күні Мосул қаласында болған шайқаста Әл-Қаиданың 8 мүшесі оққа ұшты және 11 АҚШ жауынгері жараланды. Ирақтың өзге елді-мекендерінде кеше болған шабуылдарда 2 АҚШ және 1 британ жауынгері қаза тапты. Кеше Қайырда өтіп жатқан конференцияда Ирақ президенті Ж.Талабани қазіргі билікке қарсы оппозициямен келіссөзге ашық екенін, бірақ Ирақ пен АҚШ күштеріне қарсы тосын шабуыл ұйымдастырып жүрген сүннит көсемдерімен ешқашан келіссөзге бармайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG