Accessibility links

Ресей мен Жапония экономикалық қарым-қатынастарын дамытпақшы


ТОКИО. Ресей президенті Владимир Путин мен Жапония премьер-министрі Дзунитиро Коидзуми екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге келісті. Журналистерге берген сұхбатында Путин мырза Ресей төрт даулы арал мәселесін шешуді қалайды деді. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Совет армиясы Курил аралдарын басып алған болатын. Екі ел басшылары, сондай-ақ, Сібірден Тынық мухитқа шейін мұнай құбырын созуға бірлесіп жағдай жасауға келісті.
XS
SM
MD
LG