Accessibility links

Ирақ үкіметі көтерілісшілерді қаруын тастауға шақырады


БАҒДАД. Келесі жылға қарай Ирақ армиясы елдің ішкі қауіпсіздігін өз жауапкершілігіне алуға дайын болуға тиіс. Кеше Ирақтың ішкі істер министрі Баян Жабыр осылай деп мәлімдеді. “Әл-Жазира” телекомпаниясына берген сұхбатында Баян Жабыр көтерілісшілерді қаруын тастап, елдің қауіпсіздік күштеріне келіп қосылуға шақырды. Кеше Бағдадтың солтүстігінде бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан кемінде 4 тұрғын мерт болды. Ал Бағдадтың өзінде қарулы кісілер 3 тұрғынды, оның ішінде 1 полицейді атып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG