Accessibility links

АҚШ пен Еуроодақ өзара Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру үшін Ресейге қосымша уақыт беру жөнінде уағдаласты


БРЮССЕЛЬ. АҚШ пен Еуроодақ Иранның “ядролық бағдарламасы мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруді уақытша кейінге қалдыратын болды. Дипломатиялық ақпарат көздерін сілтеген баспасөз агенттіктенінің хабарлауынша, АҚШ пен Англия, Германия және Франция өкілдері Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру үшін Ресейге қосымша уақыт беру жөнінде уағдаласты. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал атом энергиясы бойынша МАГАТЭ агенттігінің мәжілісінде осы бейсенбі күні талқыланбақшы. Ресми Вашингтон Теһраннан астыртын түрде жойқын қару жасамақшы деп күдіктеніп, оның ядролық бағдарламасы мәселесін Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруді талап етіп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG