Accessibility links

Израиль парламенті – Кнессет өзін-өзі тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады


ТЕЛЬ-АВИВ. Кеше Израиль премьері А.Шарон өзі құратын жаңа саяси қозғалыс – либералдық партия болады және ол Израиль мен Палестина арасында тұрақты шекара орнатуды көздейді деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, Иордан өзенінің Батыс жағалауынан Палестинаға жер беру жоспарының жоқтығын, бірақ АҚШ ұсынған “Жол картасы” жоспарына сәйкес, Батыс жағалаудан бірқатар қонысты Палестинаға босатып беру керектігін атап көрсетті. Осы күні Израиль парламенті – Кнессет дауыс берудің бірінші сатысында-ақ өзін-өзі тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Енді ақырғы шешімді Израиль президенті қабылдауға тиіс. Кеше таңертең премьер-министр президентке парламентті таратып, келесі жылдың наурыз айына жаңа сайлауды тағайындау туралы өтініш жолдаған болатын.
XS
SM
MD
LG