Accessibility links

А.Меркель – Германия тарихындағы тұңғыш канцлер әйел болады


БЕРЛИН. Бүгін Германия парламенті - Бундестагтің төменгі палатасы неміс тарихында тұңғыш рет әйел кісі Ангела Меркельдің канцлер лауазымына отыруын мақұлдап дауыс беруге тиіс. А.Меркель – соңғы парламент сайлауында экс-канцлер Г.Шредердің социал-демократиялық партиясынан басым дауыс алып жеңіске жетуінен бері 2 ай өткен соң үкімет басына келмекші. Коалициялық үкіметті жасақтау мәселесі бойынша Г.Шредермен келіссөзі барысында А.Меркельге Германия экономикасын жандандыру туралы бірқатар жоспарынан бас тартуға тура келді. Ол елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсартып, жұмыссыздықты қысқартуға және АҚШ-пен арадағы қатынасты тереңдетуге уәде берген болатын. А.Меркель, сондай-ақ, коммунистік Шығыс Германияда туып өскен ең алғашқы канцлер-әйел болмақшы.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG