Accessibility links

АҚШ Өзбекстандағы әуе базасын тастап шықса да, Қырғызстанның Манас әуе базасында қалды


ВАШИНГТОН. Ресми Вашингтон Өзбекстанның Қарши-Ханабад әуе базасынан ең соңғы әскерінің шығарылғанын хабарлап отыр. Пентагонның өкілі Джой Карпентердің хабарлауынша, кеше АҚШ әскері әуе базасындағы туын түсіріп, базаны өзбек үкіметіне қайтарды. АҚШ-тың ең соңғы 90 әскери қызметкері кеше оралды. Өзбекстан Қарши-Ханабад базасын Ауғанстандағы терроризмге қарсы соғыс қимылдарын жүргізу үшін 2001 жылдың күзінде АҚШ-қа пайдалануға беріп, ресми Вашингтонның “Әндіжан қырғыны” үшін Ташкентті өткір сынға алғаны үшін, осы жылдың шілде айында И.Кәрімов әуе базасын 6 айдың ішінде босатуды талап етті. АҚШ-тың әлі Қырғызстанда әуе базасы бар.
XS
SM
MD
LG