Accessibility links

Ирақ президенті терроризмге қарсы күресте Иран үкіметі көмектеседі деп сенеді


ТЕҺРАН. Бүгін Ирақ президенті Жалал Талабанидің Иранға 3 күндік сапары жалғасады. Кеше Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен келіссөзінен соң Ж.Талабани: “Иран ислам Республикасы президенті Ирақтың тұрақты әрі тәуелсіз ел болғанына Ирақ үкіметі ғана емес, Иран халқы да аса мүдделі деп мәлімдеді. Менің ойымша, терроризмді ауыздықтауға Иран бізге көмек береді. Өйткені лаңкестер шийттерден бастап, күрдтерді және өздерінің дегеніне жүрмеген өзге халыққа да қарсы жорығын бастады”, деп атап көрсетті. Оның айтуынша, өзімен әңгіме барысында Иран президенті Ирақтағы саяси процесті қолдайтынын, бірақ Ирақ пен Иран арасындағы ынтымақтастықты өркендетуге АҚШ-тың тосқауыл қоюға тырысып бағатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG