Accessibility links

Ирақ президенті Жалал Талабанидің Иранға 3-күндік сапары жалғасуда


ТЕҺРАН. Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей президент Талабаниді Ирақтан шетел күштерінің шығару мерзімін дайындауға шақырды. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Хаменей Ирақтағы лаңкестік әрекеттерге АҚШ-ы жауапты деді. Кеше президент Махмұд Ахмадинежадпен кездесуінен кейін Талабани Иран үкіметі Ирақтағы бүлікшілерді жоюға көмектеседі деген сенімін білдірді. Ал өз кезегінде президент Ахмадинежад Ирақтағы саяси процесті қолдайтынын, бірақ Ирақ пен Иран арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға АҚШ-тың тосқауыл қоюға тырысып отырғанын айтты.
XS
SM
MD
LG