Accessibility links

Түрлі-түсті төңкерістерден кейін украиналықтар мен грузиялықтар экономика мен әлеуметтік салада көп алға басушылық болған жоқ дейді


22 қарашада Украинада қызғылт-сары төңкерістің бір жылдығы атап өтілді. Ал енді бір күннен кейін Грузиядағы раушан төңкерісіне екі жыл толады. Украина мен Грузияның президенттері Виктор Ющенко, Михаил Саакашвилидің екеуі де басқару жүйесіндегі сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы халық наразылығының өсуінің арқасында билікке келген. Дегенмен де содан бергі өткен уақыт ішінде жаңа президенттер өз елдерінің тығырыққа тірелген экономикасын ілгері жылжытатындай жеткілікті табыстарға жете алмады деген пікір-көзқарас бар.

Украина президенті Виктор Ющенко 22 қарашаға мерекелік мәртебе беріп, оны демалыс күні ретінде атап өтетін Жарлыққа қол қойды. Бұл идеямен басқа ешкім келіспейді. Жексенбі күні Украинаның астанасы - Киевте жүздеген солшылдар бұл күннің бостандық күні деп аталуына өз наразылықтарын білдіріп, шеруге шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Олар президент елді Батысқа сатып жіберді деген айыптар айтты. Жалпы, бұл соңғы жыл Украина үшін оңай болған жоқ. Президент Ющенко Украина экономикасының жартысына жуығы көлеңкелі экономикадағы кәсіпорындарға байланысты ол мемлекеттік бақылаудан тыс қалып және салық кірісін кіргізбей келеді деп мәлімдеді.

Биылғы қыркүйек айында Украина үкіметінде президент маңайында сыбайласқан жемқорлық жайлап алды деген қоғамдық айыптаулар, оның соңында премьер-министр Юлия Тимошенконың орнынан кетірілуі салдарынан үкімет ішінде саяси дағдарыс орын алды. Тимошенко үкіметіндегі министрлер, олардың көпшілігі былтырғы қызғылт-сары төңкерістің тұлғалары болған, Украинадағы жаңа жекешелендіру бағдарламасы арқылы өз жеке мүдделерін көздеп отыр деп айыпталды.

Бірақ украиндықтардың басым көпшілігі өз жетекшілерінің қаржылық жағдайларының заңдылығы өздері үшін ең басты алаңдайтын мәселе деп ойламайды. Киевтегі Олександр Разумковтың Экономикалық және саяси зерттеулер орталығындағы социологиялық департамент жетекшісі Андрей Биченко украиндарды алаңдататын өз проблемалары да аз емес дейді:

- Төмен жалақы мен зейнетақы және жоғары баға - міне осылар ең үлкен мәселе қазіргі таңда тұрғындар үшін...

Биченко сондай-ақ өз департаменті тамыз айында украиндықтар арасында сауалнама жүргізген болатын, оның нәтижелеріне қарағанда, тұрғындардың басым көпшілігі өткен жылғы қызғылт-сары төңкерістен бергі бір жыл ішінде ел экономикасы алға басты деп есептемейді екен:

- Сұралғандардың 21 проценті елдегі экономикалық жағдай жақсарды деп есептейтіндер, ал керісінше нашарлап кетті дейтіндер 42 процент, ал өз отбасының әлеуметтік жағдайы жақсарды дейтіндер 17 процент, 39 проценті керісінше төмендеп кетті деп ойлайды. Ал енді қалғандары бұл сұрақтарға жауап бермеген немесе ешқандай өзгеріс болған жоқ дейтіндер. Грузияда да осыған ұқсас жайттар орын алды деуге болады.

23 қарашада Грузия бұрынғы Совет Одағының Орталық бюро мүшесі болған Эдуард Шеварднадзенің үкіметін құлатып, орнына жаңа жас басшыны әкелген раушан революциясының екінші жылдығын атап өтеді. Осы мамыр айында АҚШ-тағы Интермедиа шолу институты өткізген зерттеулерге қарағанда, сұрау салуға қатысқан грузиялықтардың 66 проценті экономиканың даму қарқынына қанағаттанбайды, ал жартысынан көбі өз өмірлерінің төңкерістен бергі кезеңде алға қарай өркендеп кетпегендігін тілге тиек еткен. Сондай-ақ олар өздерін ең алдымен жұмыссыздық пен сыбайластық алаңдататындығын атап өткен.

Міне осыған ұқсас жайлар Украинада да көрініс беруде, бақылаушылардың айтуынша, 2005 жылдың тамыз айында Украинадағы ішкі өнімнің өсу көлемі 2004 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда төмен болған. Бұған қарағанда Грузия экономикасы сәл алға жылжығандығы байқалады. 2005 жылдың бірінші жартысында Грузияда экономиканың 7,5 процентке өскені тіркелген.

Бір кезде адам хұқтарын қорғаушы белсенді болған Давид Зурабишвили саяси басшылық ауысып жатқан тұста Саакашвилидің партиясына қосылған болатын. Ол "Азаттық" радиосына берген сұхбатында былай деп атап көрсетеді:

- Менің ойымша, орын алған оқиғалардан кейін, ең бастысы - шын мәніндегі Грузия мемлекеттілігінің орнауы болды, демек Грузия демократиялық мемлекеті құрылды, одан бұрын біз дағдарыста болатынбыз, әсіресе Шеварднадзенің кезінде соңғы екі-үш жылда мемлекеттік құрылым қирап, экономика толық құлап жатқан болатын. Бұл факті еді, Раушан төңкерісінен кейін осы дағдарыстан шықтық.

Міне, Зурабишивили осылай деп атап көрсеткенімен де, тамыз айында ол парламенттегі көпшілік құрамынан өз еркімен кетіп, соңынан парламенттегі оппозиция қатарына қосылып, оның басшыларының біріне айналды. Ол өзінің бұл шешімін тележурналист Шалва Рамишвилидің даулы тұтқындалуымен байланыстырады. Сыншылар болса, Рамишвилидің тұтқындалуы Грузия билігінің басшылары тәуелсіз баспасөзге қарсы күресінің бір көрінісі дегенді айтады. «Азаттық» радиосына жақында берген сұхбатында Зурабишвили президент стратегиялық қате таңдаулар жасады, мен Саакашвилиге сенімсіздік таныта бастадым дегенді айтқан.

Сонымен, Украина мен Грузияда алда болатын сайлаулар бұл елдердің халқы өздерінің қазіргі басшыларымен көп жетістіктерге жете алды ма, болмаса бұрынғы ескі жетекшілеріне тағы бір мүмкіндік бере ме дегенді анықтайтын болады. Украинада парламент сайлауы 2006 жылдың наурыз айында, Грузияда парламент сайлауы - 2008 жылы, ал одан кейін ол елде прездиент сайлауы болуы тиіс.

Бұл елдерің қай-қайсысында да осы сайлаулар барысында билікке ие болғысы келетін саяси жетекшілер аз емес. Осы айдың басында Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрі Саломе Зурабишвили азаматтық қозғалыс құрды. Ал Украинада бұрынғы қауіпсіздік басшысы және Тимощенко командасында болған Олександр Турчинов келе жатқан сайлауда сыбайластық туралы мәселені көтеретін боламыз дейді:

- Біз өзімізді жеңіс жолындамыз деп білеміз. Бізге сыбайластықпен күрес, елде тәртіп орнатуға көмектеседі.

Украиндықтар да, грузиялықтар да бұған дейін тек сөзге малданып келді, енді олар іс жүзіндегі нақты қимылдарды көргісі келеді.
XS
SM
MD
LG