Accessibility links

Украина қызғылт-сары төңкерісінің бір жылдығын атап өтуде


Ол үдерістің ескі билікті құлатып, Виктор Ющенконы сайлағаны белгілі. АҚШ елбасы Джордж Буш бұл мерекені қызу қуаттады. Елдің демократиялық бағытта және гүлдену мен қауіпсіздік жолындағы елбасы Ющенконың ұмтылыстарын Құрама Штаттарының қолдайтындығын Буш мырза айтты. Жалаушаларын бұлғаған бірнеше мыңдаған адам Киевтегі Тәуелсіздік алаңына жиналды. Бұл жерде өткен жылы сайлауларға байланысты жаппай толқулардың болғаны белгілі. Сондай-ақ Украина Бас прокурорының бұйрығымен Ющенко мырзаның қан құрамы тексерілген болатын. Оның қан құрамында диоксин мөлшері қалыпты жағдайдан мың есе артып кеткен екен. Германия, Британия, Белгия зертханаларымен бірлесе отырып, бұл қорытындыны Украина дәрігерлері шығарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG