Accessibility links

БҰҰ Өзбек үкіметін Әндіжан оқиғасы бойынша сұралып жатқан куәларға қысым көрсетуді тоқтатуды талап етуде


БҰҰ-ың әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы осы жылдың көктемінде Әндіжанда орын алған оқиғалар бойынша жүріп жатқан сотта куәлік берушілерге Өзбек үкіметінің қысым жасап жатқанына алаңдаушылық білдірген. Қарарда Әндіжанда қантөгісті оқиғаға байланысты тәуелсіз зерттеу жүргізу турасындағы халықаралық шақыруларға Өзбек үкіметінің бірнеше рет кері жауап бергендігі айтылған. Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, Әндіжанда биліктің қүш қолдануы салдарынан құрбан болғандардың саны 500 адамға жуықтайды. Ал ресми деректер болса қаза тапқандар 187 дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG