Accessibility links

Ирақ астанасының батысындағы Рамади қаласында АҚШ пен Ирақ жасақтары көтерілісшілерге қарсы әскери шабуылдар бастаған


Бағдад. Бұл қарашаның 16-ынан бергі осымен үшінші операция. Ирақ астанасында сунниттердің Батта тайпасының жетекшісі Хадим Сархид әл-Немайем мен оның үш ұлы қастандықпен өлтірілген. İшкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, бұл қастандықты түн ортасында оның үйіне Ирақ әскерінің киімін киіп келген адам жүзеге асырған. Келесі айда болатын сайлауға суннит мұсылмандардың қатысуын АҚШ пен Ирақ үкіметі ресмилері қолдаған қимылдардан кейін осындай шабуыл орын алып отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ирақтағы АҚШ әскерлерін біртіндеп азайту жағдайлары жақын арада туып қалуы мүмкін деп айтқан. Алайда, өткен түні теледидар арқылы сұхбат берген Райс нақты бір мерзімді атамаған.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG