Accessibility links

Президентіктен үміткерлердің сайлау штабтарының өкілдері алғашқы бірлескен мәжілістерін өткізді


Қазақстанда алдағы желтоқсанның 4-і күні өтетін президент сайлауына санаулы ғана күндер қалғанда және президентіктен үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аяқталар кезі жеткен тұста біріккен демократиялық күштер атынан президентіктен үміткер Ж.Тұяқбайды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб сайлауды сайлау заңында көрсетілген талаптар бойынша әділ, таза өткізуді сұраған өз үндеуін Орталық сайлау комиссиясына арнапты.

Осы үндеуде айтылған нақты ұсыныстар мен талап тілектерге қатысты қарашаның 24-і күні Алматыда президенттікке кандидаттар - Жармахан Тұяқбайдың, Ерасыл Әбілқасымовтың, Әлихан Бәйменовтың және Мэлс Елеусізовтың қоғамдық штабтарының өкілдері бас қосты. Бұл кездесуге президентіктен үміткер Н.Назарбаевтың қоғамдық штабының өкілдері қатыспады.

Ж.Тұяқбайдың қоғамдық штабы таратқан үндеуде сайлау болуға азғана күн қалған осы шақта әрбір сайлау учаскесіндегі және әрбір жергілікті сайлау комиссияларындағы сайлау қортындысы қалай болғанын нақты анықтау мәселесінің ең маңызды мәселе болып отырғандығы айтылған. Бұндай алаңдаушылықтың тууына өткен жылғы парламент сайлауында көпшілік сайлау учаскелері мен сайлау комиссияларының әділ таза сайлау өткізуге дайын болмағандығы себеп болып отыр делінген аталмыш үндеуде. Сайлау процессіне деген қоғам сенімділігін арттыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңы шеңберінде үміткерлердің қоғамдық штабтарының келіскен ортақ ұсыныс, тілектеріне құлақ асқаны дұрыс болар еді делінген үндеуде.

Ж.Тұяқбайдың сайлау штабының бастығы Төлен Тоқтасынов үндеуде сайлау заңына қандайбір өзгеріс, толықтыру енгізу туралы айтылмайды тек қана сайлау заңы бойынша сайлаудың әділ өтілуі үшін орталық сайлау комиссиясы тарапынан не істелуі керек осыған байланысты нақты ұсыныстар бар дейді. Ал президентіктен үміткер Әлиқан Бәйменовтың қоғамдық штабының заңгері Әбибулла Шәріпбеков, үндеуде айтылған сайлауды бақылаушылар немесе үміткерлердің сенімді өкілдері сайлаушылар тізімімен таныса алу мүмкіндігіне ие болуы керек және жергілікті учаскеде қанша сайлаушылар дауыс бергендігі туралы мәліметті ала алу керек деген ұсыныс дауыс берудің құпиялығы туралы принципке сай емес және сайлаушының конституциялық құқығын бұзады деген пікір білдірді.

Ал Ерасыл Әбілқасымовтың қоғамдық штабының жетекшісі Магирам Магирамовтың айтуынша бұл үндеуді толық қолдай қою қиынырақ болмақ. Себебі өте маңызды мәселеге арналғандықтан оны сенбі күні өтетін партяиның пленумында талқылап барып шешкен дұрыс болмақ.

Сонымен төрт үміткердің өкілдері әуелі үндеуде айтылған ұсыныстарды заңгерлер жақсылап талқылап, заңға томпақ келетін жерлері жоқ па дегенді анықтасын сонсоң барып бір ортақ құжат ретінде қабылдап Орталық сайлау комиссиясына жіберуге келісті.
XS
SM
MD
LG