Accessibility links

Қытайдың Соңхуа өзені суын химия зауыты жарылысынан пайда болған зиянды заттар улаған


Бұл хабарды елдегі табиғат қорғаушылар растап отыр. Сондықтан да аталған өзен бойындағы Харбин қаласына берілетін ауыз су тоқтатылған. Ол өзендегі бензол деңгейі ұлттық қауіпсіздік деңгейі көрсеткішінен 108 есе көбейіп кеткен екен. Жарылыс осыдан 10 күн бұрын химиялық зауытта орын алған. Харбинге жақын жердегі Хабаровскіге де оның әсері болуы мүмкін, деп Ресей жағы алаңдаушылық білдіруде.
XS
SM
MD
LG