Accessibility links

МАГАТЭ Иран парламентінің сейсенбі күні қабылдаған Қаулысын талқыламақшы


ВЕНА. Бүгін атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басқарма Кеңесі Венада Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін талқылауға тиіс. Құрамында 35 елдің өкілі бар бұл Кеңес Иран парламентінің сейсенбі күні қабылдаған Қаулысын ортаға салмақшы. Бұл Қаулыда егер МАГАТЭ агенттігі “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беретін болса, онда Иран үкіметінің халықаралық инспекторларды өзінің ядролық нысандарына жібермеу керектігі айтылған. Бірақ Қаулы Иранның ең жоғарғы конституциялық билігі болып табылатын Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі мақұлдағанда да ғана күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG