Accessibility links

Брюссель Теһранмен оның ядролық мәселесі бойынша келіссөздіжалғастыруға келісті


ВЕНА. Бүгін атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіндегі ағылшын елшісі Питер Дженкинстің Венада журналистерге хабарлағанындай, Еуроодақ Иранға оның ядролық мәселесі бойынша дипломатиялық келіссөз жүргізуге көбірек уақыт беруге келісті. Бүгін Венада МАГАТЭ агенттігінің басқарма Кеңесі Иранның “ядролық проблемасын” талқылауға жиналған болатын. Теһран астыртын ядролық қару жасап жатыр деп күдіктенген ресми Вашингтон “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруді талап етіп жатса, өз кезегінде Теһран ядролық ізденістерінің энергия өндіру сынды бейбіт мақсатты көздейтінін дәлелдеп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG