Accessibility links

Еуропа Қайта құру және Даму банкі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компанияға несие берді


Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кв электр берудің екінші желісінің құрылысы жобасын қаржыландыру мақсатында Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания мен Еуропа Қайта құру және Даму банкі, сондай-ақ Қазақстанның Даму банкілері арасында келісімдерге қол қойылды.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» Ашық Акционерлік қоғамының президенті Қанат Бозымбаев Еуропа Қайта құру және Даму банкінің ірі көлемдегі бұл несиесі Қазақстан үкіметінің кепілдігімен беріліп отырғандығын айтады. Сондай-ақ аталған әлемдегі беделді қаржы институтымен қатар, бұл жобаға тағы бірқатар шетелдік банкілер сенім білдіріп, өз үлестерін қосып отыр дейді ол.

Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің электр берудің екінші желісінің құрылысы жобасының екінші және үшінші кезеңдеріне пайдаланылатын несие Еуропа Қайта құру және Даму банкі тарапынан 88 миллион доллар, ал Қазақстанның Даму банкісінен 6 миллиард 600 миллион тенге көлемінде. Ал бұл жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қалған қаржы ұлттық компания есебінен көзделіп отыр дейді Қанат Бозымбаев. Сонымен қатар ол, қазіргі таңда 50-ден аса халықаралық компаниялардың аталған жобаға мүдделілік танытып отырғандығын және де жалпы Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар бұл электр беру желісінің құрылысы озық технология мен жоғары экологиялық деңгейде жарақтанып жатқандығын айтады.

Ал аталған жобаның басты демеушісі болып отырған Еуропа Қайта құру және Даму банкінің президенті Жан Лемьер бұл жобаның тағы бір маңыздылығы ретінде елдің электр жүйесін жетілдіруде тек оңтүстікті ғана емес, аймақтарды дамуытумен де тығыз байланысты екендігін айтады.

Сонымен қатар Қазақстанның Даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаев өздері үшін бұл жобадағы ең басты жетістік тұңғыш рет әлемдегі ең ірі Еуропа Қайта құру және Даму банкі сынды қаржы институтымен қатар әріптес ретінде құжатқа қол қойып отырғандарын маңызды шара деп санайтындықтарын айтады.

Және де Қамбар Шалғымбаев өздерінің Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компаниямен ұзақ мерзімге 15 жылға алғаш рет Қазақстанның ұлттық валютасы теңгемен несиелендіру мәселесіне қол жеткізгендерін ерекше қадам екенін айтады.

Сондай-ақ «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» Ашық Акционерлік қоғамының президенті Қанат Бозымбаев ұлттық компания өз тарихында осындай ірі көлемдегі несиелендіруге бірінші рет қол жеткізіп отырғандығын айтады.

Жалпы жобаның басты мақсаты Қазақстанның электр-энергетикалық тәуелсіздігін нығайту мен тарифтерді тұрақтандыру дейді Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компанияның президенті Қанат Бозымбаев.
XS
SM
MD
LG