Accessibility links

Баспасөзге шолу. 11.25.2005 жыл


Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдарда желтоқсанның 4-і күні Қазақстанда өтетін президент сайлауына санаулы күндердің қалғаны осыған орай сайлауда кімнің жеңіп кімдердің жеңілетіндігі туралы саясаткер, сарапшылар пікірлері мен сараптамалық мақалалар тізбегі оқырмандар назарына ұсынылыпты.

«Егемен Қазақстан» басылымы жұмалық санында президентіктен үміткер Әлиқан Бәйменовпен газет тілшісі Әнуар Омаровтың өткізген сұқбатын беріпті. Ә.Бәйменов өзімен бәсекелес деп санайтын Н.Назарбаев пен Ж.Тұяқбайға қатысты олардың халыққа жасаған еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды бірақта олардың өткені мен бұрынғы байланыстары жаңа талаптарға сай тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік бермей отыр және екеуінің артында да үлкен алпауыттар тұрғаны анық. Сондықтан демократияны елуден асқанда ғана жаңа ұғынып игере бастағандардан гөрі саясаттағы алғашқы қадамын демократиялық бағытпен жүргізіп келе жатқан саясаткердің ел билігін алатын уақыты жетті деп жауап берген. Сондай ақ сіз осы жолғы сайлауда жеңіп президент болсаңыз ең алдымен қандай жарлық қабылдар едіңіз деген сұраққа ол екеу болады бірі саясаттағы және экономикадағы әділ және ашық бәсеке туралы ал екіншісі конституциялық кеңесті шақыру туралы депті. «Егемен Қазақстан» сондай-ақ президенттіктен үміткер Ж.Тұяқбайдың Жамбыл облысында сайлаушылармен кездескені туралы жазыпты. Ж.Тұяқбайға сайлаушылар тарапынан көп қойылатын кезінде президент Н.Назарбаевтың саясатын қолдап соның қасында жүрдіңіз енді неге басқаша сайрап жүрсіз деген сұраққа ол елбасы етіп сайлағанда қолдағаным рас, екеуіміздің арамызда жек басымыздың араздығы жоқ деп жауап берген. Газеттің жазуынша Ж.Тұяқбай 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғасына қатысы бар бір істе ғана өзінің мемекеттік айыптаушы болғанын айтқан ал жалпысы Желтоқсан оқиғасына мемлекет тарапынан әлі тиісті баға берілген жоқ деген пікір білдірген.

«Айқын» басылымы жұмалық санында Репутация атты зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталықтың сайлауға қатысты жүргізген сауалнама қортындысымен таныстырыпты. Газеттің жазуынша Назарбаевтың рейтингісі қазан айының соңындағы көрсеткішке қарағанда 7,2 процентке көтеріліп бүгінгі таңда қазақстандықтардың 78,9 проценті оны қолдап дауыс беруге әзір көрінеді. Репутация орталығы жүргізген сауалнамаға Қазақстан бойынша 1600 адам қатысқан. Олардың 6,5 проценті Ж.Тұяқбайға, 4,2 проценті Ә.Бәйменовке ал Е.Әбілқасымов пен М.Елеусізовке 0,4 проценті дауыс береміз депті.

«Azamat.kz» басылымы болса осы жолғы сайлауда бақылаудың күшті болатындығын жазыпты. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша дәл қәзіргі таңда 45 мемелекет пен 6 халықаралық ұйымнан келген 729 бақылаушы тіркелген бұған қоса тағы 80 шетелдік бақылаушыны тіркеу мәселесі қаралып жатыр олардың 41-і Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан болса ал төртеуі Еуропа кеңесі парламенті ассемблеясынан келіпті деп жазады «Azamat.kz» басылымы. Осы басылым Репутация зерттеу орталығы таратқан зерттеу қортындысына сүйеніп қазақ ұлты өкілдерінің сайлау процесін өте мұқият бақылап отырғандығы туралы әсіресе ауыл тұрғындарының басқа электротқа қарағанда үміткерлер туралы көбірек білетіндігін айта келе бұл көп жылдан бері ұйқыда жатқан қазақтың саяси белсенділігінің оянып келе жатқандығының белгісі депті.

«Қазақ Әдебиеті» апталығы жұма күнгі санында сайлау тақырыбын көтерген «Екінші орын кімдікі» деген атпен зейнеткер Назрахмет Қалидың мақаласын беріпті. Мақала ауторының айтуынша осы жолы барлық кандидаттар екі нәрсені назарларынан тыс қалдырып отыр. Оның біреуі тіл екіншісі діни секталар туралы мәселе болмақ. Ешбір үміткер егерде президент бола қалсам мемлекет қызметкерлерінен мемлекетік тілді білуді талап етемін деп айта алмай отыр ал қәзір қазақстандықтардың жарты миллиондайы әр түрлі діни секталарға кіріп кеткен деген сөз бар оның ішінде қарақөздерімізде аз емес дейді мақала ауторы. Үгіт насиқат жұмыстары аяқталуға жақын қалды кімнің қай шамада екені де белгілі болып қалған сияқты. Тек екінші орынды кім иеленеді, Ж.Тұяқбай ма жоқ әлде Ә.Бәйменов пе бұл олардың саяси технологтарының тиімді, сапалы жұмыс істеуіне байланысты болмақ деп ой қортады Назрахмет Қали өзінің мақаласында.

«Ана тілі» апталығы да осы сайлау тақырыбына қатысты газет тілшісі Салтанат Өтеуғалиеваның «Қазақстанда төңкеріс болмайды» деген мақаласын жариялапты. Газет тілшісінің жазуынша дәл қәзір сайлау алды майданы әбден қызып тұр. Билікте оппозиция да өліспей беріспейтін жағдайда. Оның үстіне З.Нұрқәділовтың жұмбақ қазасы ел ішіндегі жағдайды тіптен ұшықтырып жіберді. Сайлауға бар жоғы он күн ғана қалды. Көше көшелерде ілініп тұрған Ж.Тұяқбай мен Ә.Бәйменовтың жыртылған боялған суреттері де елді сан алуан ойларға жетелейді ал өткен жұмадағы үміткерлердің телесайысы көпшілік күткендей болмады деседе енді он күннен кейін бәрі халық таңдауымен шешіледі деп түйіндейді газет тілшісі.
XS
SM
MD
LG