Accessibility links

Газа секторы мен Египет арасындағы бекет ашылды


Палестинада бүгін Газа секторы мен Египет арасындағы жол қатынас бекеті салтанатты түрде ашылды. Рафах бекетіндегі шараны Палестина президенті Махмұд Аббас бастады. Махмұд Аббас бекет ашылуы Газаға келетін инвестицияларға жол ашты деді. Рафах бекеті – Газа секторын әлеммен тікелей жалғайтын жалғыз жол, әйтпеген жағдайда Газа тұрғындары Израиль арқылы өтуге тиіс. Израиль сыртқы істер министрлігі Рафах бекетіндегі салтанатты шара Палестина Газа секторын толық бақылауларына алғанын көрсетеді дейді. Газа секторы мен Египет арасындағы бекет тек сауда мен азамат қатынастарына пайдалануға тиіс, мұны Еуропа Одағының бақылау тобы қадаламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG