Accessibility links

Горбачев Ресейде соңғы тәуелсіз телекомпанияның үні өшті дейді


Ресей "Рен ТВ" телекомпаниясының танымал эфир жүргізушісі Ольга Романова хабар жүргізуге жолатылмады. Ольга Романова мұны цензура қысымы деп қабылдады. Оның айтуынша, "Рен ТВ" телекомпаниясының сақшылары кеше оны кеңсеге кіргізбей қойған. Ольга Романоваға басшысы сіз жүргізетін хабардың рейтингі түсіп кетті, хабарды аптасына бес рет жүргізу денсаулығыңызға зиян деп айтқан көрінеді. "Рен ТВ" телекомпаниясы Ресей президенті Владимир Путинды қатты сынайтын, бірақ қазан айында компания қожайындары ауыстырылды. Бұрынғы совет президенті Михаил Горбачев аздаған ғана тәуелсіздігі бар соңғы телекомпанияны жоғалттық деп сипаттады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG