Accessibility links

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті аттары аталмаған оппозициялық топтарға ескерту жасады


Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 желтоқсанға белгіленген президенттік сайлау қарсаңында наразылық акцияларын жоспарлап жүруі мүмкін топтарға есткерту жасаймыз, ел тұрақтылығын бұзуға бағытталған кез-келген әрекетке қарсы қатаң шара қолданылады деп мәлімдеді. Кеше кешкісін жарияланған мәлімдемеде кейбір оппозициялық топтар қоғамның төмен сатысында тұрған жастарды болымсыз шараларға айтақтап жүрсе керек, қолымызда сондай мәлімет бар делінеді. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті оппозициялық топтар үкімет пен оппозицияны шағыстырып жатыр деп күдік білдіреді. Қазақстан оппозициясы жалпы бірнеше рет мәлімдеме жасап қызметіміз тек конституция аясында іске асады деп айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG