Accessibility links

Ресей ТМД-ғы кейбір республикаларға берілетін қуат көздерінің бағасын көтермекші


Мәскеу. Бұл туралы Ресейдің премьер-министрі Михаил Фрадков ТМД үкімет басшыларының Мәскеуде өткен саммитінен кейін мәлімдеген. Грузия кеше Ресейдің газ бағасын екі есеге дейін өсірмекші болып отырған жоспарын, мұның артында саяси астар бар деп сынға алды. Украина мен Молдова да Мәскеудің бұл шешіміне наразылықтарын білдіріп, Ресей газы үшін өздерінің батыстық бағамен төлеп отырғандықтарын айтты. Фрадков сондай-ақ бұл кездесуде экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық саласында бірқатар келісімдерге қол қойылды деген. ТМД елдері басшыларының келесі саммиті мамыр айында Тәжікстан астанасы - Душанбеде өткізіледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG