Accessibility links

Бүгін палестиндіктер Газа секторы мен Египет шекарасынан емін-еркін өту мүмкіндігіне ие болды


Рафах. Желтоқсанның ортасында Европа одағының бақылаушылары келгенге дейін шекара күніне төрт сағат ашық болады. Европа одағының арнайы өкілі Марк Отт жұма күнгі салтанатта шекараның ашылуына көмек көрсеткенін одақ мәртебе санайды деп айтты:

- Шекаралар теке-тірес алаңына айналса, ол өте жаман жағдай. Ал шекара адамдардың, түрлі қоғамдардың, мәдениеттер мен экономика арасындағы көпірге айналса бұл өте жақсы жайт. Шекара кездесулер орны. Міне, біз мұны Европада үйрендік, сол себепті де біз өзіміздің қарапайым жолымызды сіздермен бірге жүргіміз келеді.

Израилдың оккупациясы жылдарында адамдар Израилдың қауіпсіздік қызметкерлері тексеріп, сұрап болғанша шекарада сағаттап кезекте тұратын еді.
XS
SM
MD
LG