Accessibility links

Бакуде мыңдаған адам наразылық демонстрациясын өткізіп жатыр


Әзірбайжан астанасы Бакуде бүгін мыңдаған адам наразылық демонстрациясын бастады, халық 6 қарашада өткен парламенттік сайлаудың қортындыларына қарсылық танытып жатыр. Полиция сақшылары да аса көп. Қызғылт-сары жалауларды көтерген жұрт үкіметтің кетуін талап етеді. Оппозиция парламенттік сайлау қайтадан өтсін деп талап етіп отыр. Билік сайлау бұрмалауы жаппай болған жоқ деп отыр. Әзірбайжан парламентінде 125 орын болса, олардың 58 билік басындағы "Иени Әзірбайжан" партиясына тиді. Оппозиция 11 мандатқа қол жеткізді.
XS
SM
MD
LG