Accessibility links

Ющенко парламенттік сайлау әділ өтеді деп уәде айтты


Украинада бүгін парламент сайлауы науқыны аясында үгіт нәсихат кезеңі басталды. Дауыс беру наурыз айында өтпек. Украина парламентіне 450 депутат сайланбақ. Украина президенті Виктор Ющенко сайлау әділ, демократиялық және ашық жағдайда өтеді деп уәде айтты. Ющенко орталық сайлау комиссиясы мен төменгі бұындардағы сайлау комиссияларының қызметтері тәуелсіз жүреді, бұған жеке кепілдігімді беремін деді. Ющенко журналистер мәліметке еркін қолжеткізе алады деп уәдесін айтты. Украинада былтыр "қызғылт-сары" революция жасалғалы бері бұл алғашқы парламенттік сайлау.
XS
SM
MD
LG