Accessibility links

Қытайдың сыртқы істер министрі Ли Жаоиң Сібір өлкесінің шығысындағы Амур өзеніне улы зат араласқан судың құйылуға жақындап қалғаны үшін Ресейден кешірім сұрады


Бейжін. Министр осыған байланысты Қытайдың қандай көмекке де әзір екендігін айтты. Ресей президентінің Қиыр шығыстағы арнайы өкілі Камил Исхаков Хабаровск тұрғындарына улы затпен лайланған су жетерден бір апта бұрын алдын-ала хабарланады деп уәде етті. Бұл аралықта Қытайдың Харбин қаласының ресмилері қаланың сумен қамту жүйелерін қалпына келтіруге жақындап қалды деген. Қытай премер-министрі Уен Жиабао Харбинде болғанында сарапшылар су сапасын бақылауға алды деп айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG