Accessibility links

Арменияда Ата заңға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өтуде


Ол өзгерістерге орай елдегі заң шығарушы және атқарушы органдар арасында биліктің тең бөлінуіне қатты көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, Армения азаматтарының өзге ел азаматтығын алуына тиым салатын бап та алынып тасталмақшы. АҚШ елі мен Еуропа одағы бұл өзгертулерді қызу қуаттауда. “Мұның өзі Армениядағы демократияның нығайа түсуіне септігін тигізеді”, дейді олар. Алайда аталған референдумға елдегі оппозиция бойкот жариялауда. Күн тәртібіне қойылған өзгертулер заңдық күшіне енуі үшін, оны қолдап сайлаушылардың үштен бір бөлігі дауыс беруі тиіс.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG