Accessibility links

Шешенстандықтар жаңа Ассамблея үшін бүгін дауыс беруде


Бұл-соңғы тоғыз жыл ішіндегі өткізілген алғашқы Парламенттік сайлаулар болатын. Жоғарғы қауіпсіздік шаралары жағдайында дауыс берген 600 мыңдай сайлаушының 351 үміткер арасынан өз қалаулыларын таңдауға мүмкіндіктері болды. Республикалық кеңес деп аталатын Жоғарғы шатыр мен Халық Ассамблеясы деген атпен белгілі Төменгі шатырдағы барлығы 58 орын үшін үміткерлер бәйгеге түскен болатын. Бұдан бұрынғы Шешенстан Парламентіне сайлаулар 1997-ші жылы өткен-ді. Ол кезде 1994-1996-шы жылғы соғыста Ресей күштерін жеңген жергілікті әкімшілік елге басшылық жасап отырған еді.
XS
SM
MD
LG