Accessibility links

Иранның оңтүстігінде бүгін 5,9 балдық жер дүмпуі сезілген


Оның кесірінен кем дегенде тоғыз адам қаза болып, 4 ауылға зиян келген. Бұл ауылдардың барлығы да Қешм аралының батысында екен. Бұл жөнінде ИРНА ресми ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Жер дүмпуі орталығы Қешм аралында болған. АҚШ геологиялық зерттеулері мәліметтеріне қарағанда, Бандар Аббас қаласынан 58 шақырым қашықтықтағы оның күші Рихтер өлшемі бойынша 6,1 балға жетсе керек. Бұл табиғат құбылысы әсерлері көршілес Біріккен Араб әмірлігінде де байқалған екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG