Accessibility links

Әзірбайжанның екі оппозициялық партиясы полицияның ұрып-соғуынан жараланған адамдардың тізімін жариялады


БАКУ. Сенбі күні Бакуде полиция жасақтары оппозицияның үкіметке қарсы наразылық шеруін күшпен таратқан болатын. “Мусават” партиясының айтуынша, оның 46 мүшесі түрлі жарақат алған, ал бесеуі 15-күнге дейін түрмеге жабылған. Бакудегі АҚШ елшілігі шерушілерге себепсіз күш қолданылғанына наразылық танытып, полицияның әрекеттерін айыптады.
XS
SM
MD
LG