Accessibility links

Шешенстандағы сайлауларда Кремлшіл партия жеңіске жетті


ГРОЗНЫЙ. Ресей президенті Владимир Путин Шешенстанда өткен парламенттік сайлаулардың бастапқы қорытындыларын жылы қабылдады. Алдын-ала жасалған нәтижелерге қарағанда кремлшіл “Единая Россия” партиясы 60- пайыз дауысқа ие болып, алда келеді. Ресми деректерге сәйкес, бұл саяси науқанға сайлаушылардың 66-пайызы қатысқан. Шешен жікшіл-көтерілісшілері болса сайлауларға наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, парламенттік сайлаулар Кремльдің Шешен республикасындағы саясатын күшейту үшін өткізілген. Өткен 6-жылдық жанжалдар кезінде бұл елде 100 мыңдай адам қаза болған. Сайлаулардың еркін және демократиялық түрде өткеніне Еуропа кеңесі күдік айтып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG