Accessibility links

Шығыс Еуропада АҚШ-тың жасырын түрмелері бар ма?


БЕРЛИН. Еуропалық Одаққа мүше болған кез келген елде АҚШ-тың жасырын түрмелерінің бар екендігі анықталса онда сол ел Одақта дауыс беру құқынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Еуроодақ Комиссиясы өкілі Франко Фраттини кеше Берлинде журналистерге берген сұхбатында айтты. Адам хұқтары бойынша Еуропалық Конвенцияға сәйкес, Еуродақ елдерінде құпия түрмелері орналаспауға тиіс. Фраттинидің айтуынша, Америка Құрама Штаттары жасырын түрмелері жөніндегі хабарларға байланысты Еуроодаққа ешқандай түсініктеме әлі бермеген. Осы айдың басында “Вашингтон Пост” басылымында АҚШ-тың Орталық Барлау Қызметінің Шығыс Еуропада күдікке ілінген терроршыларды ұстайтын құпия түрмелері болуы мүмкін деген мақала жарияланған болатын. Еуропалық Одақ өзінің мүше елдерін осы хабарларға қатысты дерек-мәліметттер беруге шақырған-ды.
XS
SM
MD
LG