Accessibility links

Райс ханым Германия, Румыния және Украинаға бармақшы


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс келесі аптада Германия, Румыния және Украина елдеріне ресми сапармен барады. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон МакКормактың айтуынша, бұл сапары барысында Райс ханым Германияның жаңа канцлері Ангела Меркелмен кездеспекші, Румынияда НАТО және тағы басқа мәселелерді көтеріп, Украинаның экономикалық және саяси реформаларына қолдау көрсетпекші. Кондолиза Райс, сондай-ақ, Румынияда немесе Шығыс Европаның басқа елдерінде АҚШ-тың жасырын түрмелері бар болуы мүмкін деген хабарларға байланысты сұрақтарға жауап беруге дайын болады, деді МакКормак.
XS
SM
MD
LG