Accessibility links

Ирақта зиярат жасап жүрген алты Иран азаматы ұрланып кетті


Балад қаласының маңында олармен бірге ирақтық жүргізушісі және жолсеріктері ұрланып кетті. Мұның сыртында Ирақта жұма күні Германия азаматшасы жоғалды. Германия баспасөзінің айтуына қарағанда, ол жүргізушісімен қоса кепілдікке алынды, көтерілісшілер Германия әскерін шығарсын деп бопсалап отыр. Германия үкіметі азаматшасын құтқару мақсатымен Ираққа арнайы топ жолдады. Ирақта, сол сияқты, христиан қайырымдылық ұйымының төрт қызметкері жоғалып кетті. Батыс елдерінің азаматтығындағы қызметкерлер сенбі күні жоғалған.
XS
SM
MD
LG