Accessibility links

Нұрқаділов өзін өзі атты деген жорамал ресми жарияланды


Интерфакс-Қазақстан агенттігі қазақстандық белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов өзін өзі атып өлтірді деген ресми қортындыны жариялады бүгін. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты былтыр қатты сынап, биліктен кетуге шақырған Нұрқаділов оппозицияға өткен болатын. Заманбек Нұрқаділов қарашаның он екісінде үйінде өлі күйінде табылды. Интерфакс-Қазақстан агенттігі нақты аталмаған Қазақстан заң орындарына сілтеме жасап, Нұрқаділовтың қазасы бойынша тергеу аяқталды, Нұрқаділовтың өзін өзі атқаны ресми анықталды деп хабарлады. Тергеудің пайымдауынша, Нұрқаділов алдымен кеудесіне екі рет атқан, оқ дәл тимегенін түсінген соң басына атқан. Нұрқаділовтың жесірі Мақпал Жүнісова мұнымен келіспейді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG