Accessibility links

Иорданиялық әулет Әл-Зарқауиден бас тартты


АММАН. Иорданиядағы ең әйгілі әулеттердің бірі “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы жетекшісі Абу Мусаб әл-Зарқауиден бас тартатындығы жөнінде үндеу жариялады. Иордания басылымдарында шыққан бұл хатқа Бани Хассан әулетінің 370 мүшесі қол қойған. Аталмыш әулет Иорданияда туылған әл-Зарқауидің барлық лаңкесттік әрекеттерін айыптауда. Әл-Зарқауи Ирақтағы шабуылдар мен қарашаның 9-да Амман қонақ үйлерінде орын алған жарылыстарға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алған болатын. Иордания соты оны сырттай өлім жазасына кесіп, ал АҚШ болса әл-Зарқауидің қамауға алынуына көмектескен адамға 25 миллион доллар беретінін айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG