Accessibility links

Өзбекстанда Әндіжан қантөгісіне қатысты үш сот ісі жабық түрде өтуде


ТАШКЕНТ. Адам құқықтары ұйымдарының айтуынша, Өзбекстанның билік орындары мамыр айындағы Әндіжан оқиғасына қатысты үш сот ісін жабық түрде өткізіп жатыр. “Хьюман Райтс Уотч” ұйымының Ташкенттегі өкілі Андреа Берг ханым өткен аптада Ташкентке жақын жерде орналасқан Янгибазар және Тойтепада екі сот үдерісі басталды деп мәлімдеді. Ал осыдан екі апта бұрын Әндіжан оқиғасына қатысты үшінші сот Янгиерде басталған, дейді құқық қорғаушылар. Естеріңізге сала кетейін, жақында ғана Әндіжан қантөгісі бойынша 15 кісі айыпты деп табылып, ұзақ мерзімдерге түрмелерге жабылған болатын. Адам хұқықтары бойынша БҰҰ-ның жоғарғы комиссарияты ол сот әділетсіз өтті деп айтқан-ды.
XS
SM
MD
LG