Accessibility links

ЮКОС: Ресейдің жоғарғы арбитраждық соты төменгі соттың үкімін бекітпей қайтарды


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің арбитраждық соты төменгі сатыдағы соттың ЮКОС мұнай компаниясына несие беруші шетелдік компаниялардың алдындағы 475 млн. доллар берешегін төлеттіру жөніндегі үкімін бекітпей қайтарды. ЮКОС – 2003-інші жылы Батыс банктерінен 1 млрд доллар қарыз алып, осы берешегін өтей алмайтын болған соң несие беруші 14 банк Лондонның Жоғарғы сотына шағымданып, ол шағым қанағатандырылды. Мәскеудің қалалық арбитраждық соты да шағымданушыларға 475 млн. доллар төленсін деген дәл осындай үкім қабылдады. Алайда Ресейдің Федералдық арбитраждық соты бүгін ол үкімді бекітпей кейін қайтарды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG