Accessibility links

АҚШ пен Иран өкілдері кездесе ме?


АНКАРА. Ресми Теһран Иран мен АҚШ өкілдері Ирақтағы жағдайды талқылауы мүмкін деген хабарларды жоққа шығарды. Анкарада сөйлеген сөзінде Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки: “Америкамен келіссөз өткізу күн тәртібімізде жоқ,”- деді. Осы аптада “Ньюсуик” басылымы президент Джордж Буш Америка елшісіне Ирақтағы жағдайға қатысты мәселелерді талқылау үшін Иран өкілдерімен кездесуге рұқсат берді деп хабарлаған болатын. Буш әкімшілігі Ирақ мәселесі жөнінде Иран өкілдерімен сөйлескісі келетінін растады. Бірақ келіссөз тек қана Ирақ тақырыбымен шектеледі деді Ақ Үй өкілдері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG