Accessibility links

Қазақстанда сайлау науқаны қызуда


АЛМАТЫ. Алдағы жексенбіде Қазақстанда кезекті президент сайлауы өтеді. Елде қазір сайлау алды науқаны қызуда. Алматыда өткен митингіде оппозициялық үміткер Жармахан Туяқбай президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы елдің байлығы арқылы дүние табуда деп айыптады. Франс-Пресс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының лидері Жармахан Туяқбай егер Назарбаев қайта сайланса, онда Қазақстан Солтүстік Корея мен Түрменістан сияқты әлемдегі ең жаман елдердің біріне айналады деді. Ал Қазақстан астанасы Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамуына бағытталған басты мақсаттарды атап көрсетті. Парламенттің жоғарғы палатасында сөйлеген сөзінде Назарбаев Бүкіләлімдік Сауда Ұымына кіру, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері алдағы жылдары басты назарда болады деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG